Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Күн бетінен бірегей кадрлар жарияланды

AstanaTV
02.06.2014ж. 10:00
1456
Күн бетінен бірегей кадрлар жарияланды

Наса аппараты Күннің беттіндегі жойқын атқылауды бейнеге түсіріп алды. Сирек кездесетін кадрларда алып күн сәулелерінің көтерілгені байқалады.

Процесс 9 мамырда болды. Күннің атқылауын Күн бетіндегі құбылыстарды бақылау үшін орбитаға 2013 жылы ұшырылған IRIS обсерваториясы түсіріп алды. Бейне өзінің жоғары сапасымен құнды. Адам баласына күн бетіндегі процесстерді көру мүмкіндігі бірінші рет бұйырып отыр.

Мұндай сирек кадрларды бейнеге түсіріп алу алдын ала сауатты жасалған болжам мен сәттілік арқасында мүмкін болды. Таспада пробутеранцтың жарылғаны анық көрінеді. Алып жарылыстың ені жер диаметрінен 5 есе, ұзындығы 7 есе артық. Ал біздің планетамыздың диаметрі 12 700 шақырымды құрайды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ