$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Өскеменде жылу электр стансасында өрт орын алды

AstanaTV
02.06.2014ж. 13:00
1137
Өскеменде жылу электр стансасында өрт орын алды

Өскемендегі жалғыз жылу беру орталығы өртке оранды. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ.

Төтенше жағдай демалыс күні болды. Өрт сөндірушілер 5 сағат бойына жалынмен арпалысты. 65 құтқарушы мен 10 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Төтенше жағдай мамандары өрт ошағы көмір сақталатын бункерден шыққанын айтады. Алаулап жанған 20 тоннадан астам көмірді сөндіру мамандарға оңай болмапты. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Дегенмен, құтқарушылардың алдын ала жасаған пайымына сенсек, апатқа өрт қауіпсіздігінің сақталмауы түрткі болған.

Айта кетейік, қаланы жылумен қамтитын орталық 1947-ші жылы пайдалануға берілген.

Дмитрий Титов, Шығыс Қазақстан облысы өрт сөндіру қызметінің басшысы:

Алдын ала жасалған болжам бойынша өрттің шығу себебі өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан болуы мүмкін. Сондай-ақ, электр құрылғыларын дұрыс пайдаланбау да оқыс оқиғаға себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта оқиға орнында арнайы топ құрылды. Нақты себеп-салдары анықталғаннан кейін ары қарай шешім қабылдаймыз.

Қанат ОРАЛБЕК