Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

ҰБТ соңғы рет өткiзiлiп жатыр деген ақпарат расталған жоқ

AstanaTV
02.06.2014ж. 13:00
1187
ҰБТ соңғы рет өткiзiлiп жатыр деген ақпарат расталған жоқ

Ұлттық біріңғай тестілеу 2015 жылы да өткізіледі. Осылай деп бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнде орналасқан сынақ пункттерiнiң бiрiне келген Бiлiм және ғылым вице-министрi Тахир Балықбаев мәлімдеді.

Айтуынша, ҰБТ биыл соңғы рет өткізіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Дегенмен, келер жылдан бастап, мектеп түлектерінің емтихандарына біраз өзгеріс енгізілуі мүмкін.

Айта өтейік, бүгін Қазақстан мектептерінің түлектері ұлттық біріңғай тестілеуді тапсыруға кірісті. Жалпы, 133 мың түлектің 92 мыңы сынақтан өтеді деп жоспарланған. Оның iшiнде 63 мыңы қазақ тiлiнде, ал 28 мыңы орыс тiлiнде тест тапсырмақ. Маусымның 2-сі мен 9-ы аралығында өтетін шараға арнайы жабдықталған 155 пункт бекітілді. 107 ҰБТ өткiзу пунктi аудан орталықтарындағы мектептерде, 48-i облыстық және Астана, Алматы қалаларындағы Жоғарғы оқу орындарында орналасқан. Бүгін тестілеудің бірінші күнінде 27 мыңнан астам түлек тест тапсыруда. Нәтижесі бүгін жария болады.

Айта өтейік, Бiлiм және ғылым министрлiгiнен 1700 бақылаушы сынақтың әділ өтуін қадағалауда. Таң атпастан тест тапсыру пунтктерінің алдында түлектердің ата-аналары да жиналды.

Таңғы сағат 5-тен тұрып, үйде баланың тамағын беріп, жаным, балам, әйтеуір бір Алланың қолында, бар біліміңді тапсыр деп тілегімізді айтып жібердік. Артынша өзіміз де келдік сағат 7-ден келіңдер дегеннен кейін.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА