Президент Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Түркия
Республикасына келді. Елбасы Бодрум қаласында өтетін түркі тілдес
мемлекеттер кеңесінің төртінші саммитіне қатысады. Саммит
аясында Нұрсұлтан Назарбаев Кеңеске мүше мемлекеттер басшыларымен екі жақты
кездесулер өткізеді, деп жоспарланып отыр.
Түркі тілдес мемлекеттердің
ынтымақтастық кеңесі Елбасы бастамасымен 2009 жылдың қазан айында Әзербайжанның
Нахычевань қаласында құрылған. Түркі кеңесі түркі тілдес мемлекеттер арасында
сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты күшейту мен одан әрі
нығайтуға бағытталған жалпытүркілік халықаралық ұйым болып табылады.
Айта кетерлігі, алғаш саммит 2011 жылы Алматыда, 2012 жылғы
саммит Бішкек қаласында өтсе, былтырғы жылы мемлекет басшылары Әзербайжанда бас
қосты.
Айгүл ӘДЕПБАЙ