Ұлттық бірыңғай тесттің алғашқы күні
мектеп түлектері ұялы телефондарды ғана емес, байланыс рацияларын да
қолдануға әрекеттенген. Сынақ алдындағы тексеру кезінде талапкерлерден 6 мыңға
жуық ұялы телефон, 2 мыңдай шпаргалка, 121 калькулятор, алты фотоаппарат және
екі рация тәркіленді. Бұл туралы Білім министрлігі хабарлады.
Сынақтан сүрінбей өту - әр түлектің
жүрек тебірентер тілегі. 2-маусымда тест тапсыруға өтініштерін білдірген 27,670
түлектің 26,134-і қатысты. Алғашқы болып тапсырғандар арасында ең жоғарғы балл
жинаған бір ғана түлек бар. Алматы қаласындағы №178 лицей түлегі Айғаным
Әбдіжаппар 125 ұпай жинады.
Өткен жылы тест тапсырғандардың 11,4%-зы 100-ден астам ұпай жинаса, биылғы ҰБТ-ның алғашқы сынағында бұл көрсеткіш 14,5%-ға
өсті. Алайда, барлығына жүйріктер қатарында болу жазылмаған. Ең төменгі 50 ұпайды
6,233 түлек жинай алмады.
Айгүл ӘДЕПБАЙ