Алдағы күндері еліміздің басым
бөлігінде күн суытады. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар комитеті ескерту
жариялап отыр. Қазгидрометтің мәліметінше, мамырдың 17-сі мен 19-ы аралығында
суық атмосфералық фронттарға байланысты орталық өңірлерде жауын-шашын болады.
Республиканың шығысында екі тәулік бойы жауған жаңбыр соңы қарға айналып, түнде
-1-6 градус аяз болуы мүмкін. Сондай-ақ, суық ағынның өтуіне қарай, оңтүстік
пен оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда бұршақ жаууы мүмкін. Ал солтүстік
аудандарға Батыс Сібір аумағынан суық
антициклон жылжып келеді. Соған байланысты түнгі уақытта үсік сақталып,
температура әдеттегіден 2-6 градусқа
төмендейді деген болжам бар.
Берік ХАСЕНОВ