Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Атырауда үш жігіт құны 7 млн теңге тұратын алтын бұйымдарды ұрлаған

AstanaTV
16.05.2016ж. 20:00
1287
Атырауда үш жігіт құны 7 млн теңге тұратын алтын бұйымдарды ұрлаған

Атырауда үш жігіт құны 7 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлады деген күдікпен ұсталды. Олар үш ай бойы қала маңындағы шағын аудандарда жеке үйлерді тонап келген. 20 мен 26 жас аралығындағы үш күдікті үй иелері жұмысқа кеткен уақытты пайдаланып, пластик терезелерді оп-оңай ашып, баспанаға кіріп отырған. Оңай олжасын ломбардқа өткізіп, бірден ақшаға айналдырған. Полицейлер күдіктілердің бұдан өзге көптеген қылмыстық эпизодқа қатысы бар деп болжап отыр. Қазір олар уақытша тергеу абақтысына қамалған.

Гүлнәзира Мұхтарова, Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі: 

Ұсталған үш күдікті де Атырау қаласының тұрғындары болып шықты. Қазіргі кезде олар 40-тан астам қылмысқа қатысы бар екендіктері анықталып отыр. Сонымен қатар олардан 90-ға жуық алтын бұйымдар табылып тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 188-ші «Ұрлық» бабы бойынша жүргізілуде.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ