Қарағанды зообағы тағы
да ерекше жануарлармен толықты. Сильва есімді арыстан ақшыл түсті
күшіктер туды.
Зообақ мамандарының айтуынша, Сильваны қашырған өзінен туған
ересек арыстан. "Туыстық қатынастан туғанымен, кішкентай арландардың жағдайлары
қалыпты", - дейді бақ қызметкерлері. Әзірге оларды жақыннан көруге мүмкіндік жоқ.
Кішкентайларын емізіп жүрген аналары қастарына ешкімді жақындатар емес.
Күшіктерді зообақтың қызметкерлері кездейсоқта суретке түсіріп алыпты.
Фотосуретте тек 2 күшік қана көрінеді. Алайда зоологтар олардың саны көбірек
болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.
Абзал ҚҰРМАНКИН