Жерге қатысты туындаған кез
келген сауалдарға Оңтүстік қазақстан облысы тұрғындары жедел әрі тұшымды жауап
ала алады. Бұл үшін Шымкентте арнайы «Call-Орталық» ашылды.
Мақсат - жер реформасын облыс
тұрғындарына жан-жақты түсіндіру.
Бірыңғай байланыс орталығы таңғы сағат
сегізден кешкі 20-00 аралығында жұмыс істейді. Операторлар халықты қызықтырған
жер төңірегіндегі сұрақтарға тиянақты жауап береді. Бұл құрылым өткен жылдың
қарашасынан бері азаматтарға тұрғын үй,
коммуналды шаруашылық саласында қызмет көрсетіп келе жатқан бірыңғай байланыс
орталығы жанынан құрылған.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ