Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Әзірбайжан мен Армения Қарабах бойынша келіссөздерді жандандырмақ

AstanaTV
17.05.2016ж. 20:00
1653
Әзірбайжан мен Армения Қарабах бойынша келіссөздерді жандандырмақ

Әзірбайжан мен Арменияның президенттері Таулы Қарабахтағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге ниетті. Илхам Әлиев пен Серж Саргсян бұл туралы Венада өткен келіссөздер барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Рейтерс. Келіссөздерге Ресей, Франция және АҚШ өкілдері қатысты. Ымыраның алғашқы қадамдарына да осы мемлекеттер куә деп танылған. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров араздасқан көршілер екі сағаттың ішінде достасып, оқ атуды тоқтату туралы бітімге келгенін айтты.

Келіссөздер барысында белгілі болғандай, орын алған қақтығыстарды тергеу мен хабарсыз кеткендерді іздестіру ісі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына жүктелді. Екі елдің шекарасында болған қақтығыстарда ұзын саны 6 мыңнан астам адам үшті-күйлі жоғалып кеткен. Маусым айында Әлиев пен Саргсян келесі келіссөздердің өтетін орны мен уақытын белгілейді. Вена кездесуі - аймақтағы жағдайдың ушығуынан кейінгі алғашқы келіссөз.

Еске салсақ, сәуірдің басында Қарабах аймағында қарулы қақтығыс басталып, ондаған адам қаза тапқан. Кейін екі ел оқ атпау жөнінде келісімге келгенімен, ресми Баку мен Ереван күні бүгінге дейін  бір-бірін айыптаумен келеді. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ