Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Медеу мен Шымбұлақ арасында шағын экоавтобустар қатынай бастады

AstanaTV
16.05.2016ж. 20:00
1673
Медеу мен Шымбұлақ арасында шағын экоавтобустар қатынай бастады

Алматыда Медеу мен Шымбұлақтың арасында экологиялық шағын автобустар қатынай бастады. Бір бағыттағы жүру құны 200 теңге. Бүгін жергілікті билік өкілдері газбен жүретін су жаңа қоғамдық көліктерді  таныстырды.

Медеу-Шымбұлақ бағыты бойынша қатынайтын көліктер - отандық кәсіпорынның өнімі. Олар экологиялық таза отынмен жүреді. Шағын автобустар алдымен екі апталық сынақтан өтеді. Сонан соң экономикалық шығыны есептеліп, жолақының нақты мөлшері анықталмақ. Келешекте жолаушылардың санына қарай, бағытқа шығатын көліктердің қатары да көбейетін болады.

Айгүл ЕРМАХАН