Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Оңтүстік Қазақстанда шегірткемен күрес басталды

AstanaTV
16.05.2016ж. 20:00
1722
Оңтүстік Қазақстанда шегірткемен күрес басталды

Оңтүстік Қазақстанда Марокко шегірткесіне қарсы күрес қызу жүріп жатыр. Зиянкес жәндіктер биыл әдеттегіден ерте оянған. Мамандар мұны қыстың тым жылы болуымен байланыстырып отыр.

Марокко шегірткесінің негізгі ошағы Сарыағаш, Арыс және Шардара аудандарының аумағы болып саналады. Биыл 91 400 гектар жерді химиялық өңдеуден өткізу жоспарланған. Бұл мақсатқа арнайы техникалардан бөлек ұшақтар да жұмылдырылған. Қазір екі ауданда дәрілеу жұмыстары аяқталды. Сарыағаш ауданында екі мың гектардай аумақ қалып тұр, себебі болжанған аумақтың 70 пайызы осы ауданға тиесілі. Алдағы екі-үш күнде толық залалсыздандырып бітеміз, - дейді салаға жауапты мамандар. 

Нұржан Қашқынов, ҚР АШМ ОҚО аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:

Соңғы деректер бойынша 1 шаршы метрде 20-25 дер нәсілдер жүр. 4-ші жастан 5-ке ауып өтіп бара жатыр. Сондықтан әлі оған үш-төрт күн уақытымыз бар. Қазіргі кезде ауыл шаруашылық тауар өңдеушілері мен жайылымдық жердегі малшылардан біздің инспекция тарапына ешқандай арыз шағым түскен. Шөбімізді жеп қойды, болмаса егіндікке түсіп кетті дегендей.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ