Мемлекеттік қызметтегі бірқатар
функцияларды бәсекелі ортаға беру үрдісіне «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер
палатасы да белсене қатысады. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында өткен баспасөз мәслихаты
барысында палата өкілі Айжан Бижанова мәлімдеді. «Атамекен» ҰКП нарықты
сараптау жұмыстарына кірісуге дейын. «Кәсіпкерлер арасында сараптама жұмыстарын
жүргізу арқылы бірқатар міндеттерді
жекеменшікке беру процестерін жеңілдетуге мүдделіміз»,- дейді Айжан Бижанова.
Айжан Бижанова, ҚР «Атамекен» ҰКП өкілі:
Мемлекеттік міндеттерді
бәсекелі ортаға беру үрдісі кезең-кезеңімен өтетіні белгілі. Ең күрделісі
мемлекеттік органдардың инвентаризация жүргізуі. Осыған байланысты нарықтың
дайындығын сараптауға мүмкіндік туады. Біз де өз тарапымыздан нарықтың әзірлігі
туралы сараптаманы ұсындық. Ол кешенді жұмыстың әр тарапқа берер тиімді
тұстарын анықтауға септігін тигізеді.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА