Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионаты бәсекесінен шығып қалды

AstanaTV
17.05.2016ж. 20:00
1739
Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионаты бәсекесінен шығып қалды

Хоккейшілер жеңіліс тапты. Шайбалы хоккейден Мәскеуде өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Данияға 1 де 4 есебімен есе жіберді. Біздің команданың үлесіндегі жалғыз шайбаны Найджел Доус соқты.

Даниялықтар ойыншылар санының басымдығын ұтымды пайдаланып, 4 шайба салды. Құрама бапкері Назаров, бұл ойын біз үшін маңызды болмағандықтан, қосалқы құрамға ойнауға мүмкіндік бердік, деді. Қазақстан сапында 19 жастағы Илья Лобанов пен Дмитрий Гренц және 22 жастағы Данияр Қайыров сынды жас ойыншылар ойнады. Осылайша, біздің құрама ең аз ұпаймен қатарынан төртінші рет жоғарғы дивизионнан шығып қалды.

Сәтсіздіктің себептерін Назаров алдағы күндері түсіндіруге уәде берді. Ал келер жылы Қазақстан кезекті рет кіл мықтылар бәсекесінде бақ сынайды. Біздің құрамаға Польша, Австрия, Оңтүстік Корея және Украина бәсекелес болмақ. Ал Қазақстан хоккей құрамасының тізгіні кімге берілетіні федерацияның алдағы кеңесінде шешілуі мүмкін.

Берік ХАСЕНОВ