Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстан бидай экспортын арттырмақ

AstanaTV
17.05.2016ж. 20:00
1722
Қазақстан бидай экспортын арттырмақ

Ал Қазақстан бойынша биыл 19 миллион тонна астық жинау жоспарлануда. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаментінің директоры Ажар Қаджыбекова мәлімдеді.

Десек те, барлығы ауа-райына байланысты болмақ. Биыл құзырлы министрлік көктемгі егіс науқанына орай арзандатылған бағада 366 тонна жанар-жағармай бөліпті. Еліміз бойынша дәнді дақылдардың егістік көлемі 21 миллион гектарды құрайды. Ажар Қаджыбекованың айтуынша, Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда бидай экспортын арттырмақшы. Өйткені республикамыздың астығы үшін бірқатар жаңа нарықтарға жол ашылған.

Ажар Қаджыбекова, ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаментінің директоры:

Бидай экспорты бойынша айтатын болсақ, Қазақстан дәстүрлі нарықтардан басқа жаңа елдердің нарығын ашып отыр. Осы күні Иранмен келіссөздер жүріп жатыр. Сондықтан бидай экспортының көлемі артады.

Берік ХАСЕНОВ