Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Босқындар Италияның Лампедуза аралын отқа орады

AstanaTV
18.05.2016ж. 20:00
1598
Босқындар Италияның Лампедуза аралын отқа орады

Италияда босқындар қарсылық актісі ретінде Лампедуза аралындағы лагерге от қойды. Тілсіз жау қас қағым сәтте орталықтағы ғимараттарды орап алды. Жалыннан келген шығын көлемі есептелуде. Абырой болғанда, құрбандар мен жапа шеккендер жоқ.

Босқындар лагерлерінде қасақана өрт қою оқиғасы жиілеп кеткен. Таяу Шығыс пен Африкадан келген босқындарға лагердің жайы мен Еуропалық одақтың саяси баспана беру тәртібі ұнамаса керек. Қазір Лампедузаның бірнеше лагері 20 мыңнан астам заңсыз мигрантқа лық толы. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ