Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Ақпараттық қауіпсіздік тақырыбында дәріс оқылды

AstanaTV
18.05.2016ж. 20:00
1318
Ақпараттық қауіпсіздік тақырыбында дәріс оқылды

Ақпараттық қауіпсіздік басты назарда болуы керек! Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин осылай дейді. Бүгін ол Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында  "Терроризм қауіп-қатері: халықаралық және аймақтық аспектілер" тақырыбында дәріс оқыды. Баяндамаға сай, бүгінде тиым салынған діни ағымдардың әлеуметтік желілерде 10 мыңнан астам аккаунты бар. Сондықтан жастарымыз лаңкестердің арбауына түсіп, қақтығыс аумақтарына кетіп жатыр, - дейді ол.

Ерлан Қарин, ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры:

Әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында теріс насихат жұмыстары белең алған. Оған біздер, күштік құрылымдар, қоғамдық ұйымдар үнемі бақылау жүргізе алмаймыз. Бұл ортақ проблема. Оны қоғам болып шешуіміз керек.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА