$519.57 €612.78 ₽6.61
×

Қарағанды іргесіндегі ауылда атыс болып, 1 адам ажал құшты

AstanaTV
18.05.2016ж. 20:00
1965
Қарағанды іргесіндегі ауылда атыс болып, 1 адам ажал құшты

Қарағанды облысында бір адамның өлімімен аяқталған төбелеске қатысы бар деген күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері хабарлады. Құзырлы мекеменің дерегіне сүйенсек, өзара сөзге келіп қалған тұрғындар төбелесіп, ақыры кикілжіңді қарумен шешпек болған.

Батырхан Смаилов, Қарағанды облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы:

Криминалдық полиция қызметкерлерімен аталған қылмысқа қатысы бар күдіктілердің бірі ұсталды. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Қару тәркіленді. Оқиғаның барлық қатысушылары анықталып, құрықтау шаралары белгіленді. Аталған факт ҚР ҚК 99 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Тергеу жүргізілуде.

Оқыс оқиға қаладан 20 шақырымдай қашықтықтағы Ақтас ауылында болған. Тұрғындар арасында орын алған текетірестің арты атысқа ұласып, бір адам оққа ұшады. 34 жастағы тұрғын ауруханаға жетпей көз жұмған. Қарудың дауысын сол маңдағы тұрғындар анық естіген. Белгісіз біреулердің ер адамды қуып жүріп, атқанын көргендер де бар. 

Айжан ҚУАШ