Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысында отандық театрлардың кемшін тұстары әңгіме болды

AstanaTV
23.06.2014ж. 10:00
1439
«Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысында отандық театрлардың кемшін тұстары әңгіме болды

Елімізде білікті театр режиссерлары тапшы. Мұның дәлелі - тоғыз облыстағы өнер ордасы режиссерсыз отырған көрінеді. Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осылай деп мәлімдеді. «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің мәдениет пен өнер мәселелерін талқылаған отырысында отандық театрлардың кемшін тұстары әңгіме болды.

Министрдің айтуынша, өңірлерде өнер ошақтарының репертуары да мәз емес. Аудандарда театр әртістерінің жұмысы әкімдерді күту мен театрландырылған қойылымдар қоюмен шектеледі. Авторлар мен театр арасында тығыз байланыс жоқ. Осы және өзге де мәселелер қамтылған ұзақ мерзімді тұжырымдама Үкімет басшысының қарауына жолданған. Егер қолдау тапса, еліміздің руханиятының дамуына оң септігін тигізері анық.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет министрі:

Егер осы тұжырымдаманы Елбасы бекітсе, соның ішінде әрі қарай заңдарды қабылдау жолдары да осы тұжырымдаманың ішінен шығар еді.
Оны сіздерге айтып отырғаным, талқылауға салып жатқан біздің Мәдениет министрлігінің Ата заңы деп айтса болады. Соны сіздерге ұсынып тұрмыз.

Әкім Тарази, жазушы, мемлекеттік сыйлықтың иегері:

«Нұр Отан» партиясының маған ұнайтын бір ерекшелігі - өмірмен тығыз байланысуы.
Сонан кейін мәдениет, әдебиет, өнер, ғылым саласымен тығыз байланысуы.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ