Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Су-24 ұшағының оққа ұшуы Сирия қақтығысын бұдан бетер ушықтыруы мүмкін

AstanaTV
25.11.2015ж. 20:00
1333
Су-24 ұшағының оққа ұшуы Сирия қақтығысын бұдан бетер ушықтыруы мүмкін

Су-24 ұшағының оққа ұшуы Сирия қақтығысын бұдан бетер ушықтыруы мүмкін. Сарапшылар пікірі осыған саяды. Бұған қатысты әлемдік деңгейдегі саясаткерлердің барлығы пікір білдіріп үлгерді. Ресей тарабы Түркиямен ат құйрығын кесіспек. Құзырлы органдар туристерге Кіші Азия түбегіне саяхаттауға тыйым салып, әскери байланысты үзді. Ал тірі қалған екінші ұшқыш, Ресейдің Сириядағы әскери базасына жеткізілген. Мөлдір Бақытқызы толығырақ тарқатады.

«Түркия лаңкестерді қолдайды» Ресей президенті Владимир Путиннің ашық айыптауы кешеден бері әлемдік ақпарат құралдарының басты жаңалығына айналды. Бір күннің ішінде белді саясаткерлер түгел пікір білдіріп те үлгерді. Ұлыбритания премьері Дэвид Камерон түркиялық әріптесі Ахмет Дәуітоғлымен кезедсуде Ресеймен ашық диалог құруға шақырды. Мәскеу мен Анкараның бүкпесіз байланыс орнатуына Ақ үй де тоқталды.

Барак Обама, АҚШ президенті:

Менің ойымша, Түркия мен Ресей бір-бірімен ашық сөйлесіп, мәселенің анық-қанығына жетуі керек. Қалай болғанда да, жағдай ушығып кетпеуі тиіс.

Ал ресми Анкара әуе кеңістігін қорғау үшін, шұғыл шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ердоған түрік әскери әуе күштері Ресейлік Су-24-ті сириялық ұшақпен шатыстырғанын да айтты.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

Біз мұны қалаған жоқпыз. Бірақ барлығы Түркияның өз шекарасын қорғау құқын құрметтеу керек. Бөтен әскери ұшақ біздің әуе кеңістігіне басып кірді. Бес минут ішінде оған 10 рет ескерту жасалды. Бірақ ол бұған құлақ аспады. Ережеге сәйкес, араласуға тура келді.

Ресейдің позияциясы да айқын. Владимир Путин Түркия Ресейдің ту сыртынан пышақ ұрды деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол Түркия террористік топтарды қаржыландырады деп алғаш рет ашық айыптады.

Владимир Путин, РФ президенті:

Біз Түркияға ДАИШ басып алған аумақтан мұнай мен мұнай өнімдері келетінін анықтағанбыз. Қаржыландыру осыдан шығып отыр. ДАИШ-қа мұнай саудасынан миллиардтаған доллар түсіреді. Оған қоса, тұтас бір елдің әскери күшінің қолдауына ие. Сондықтан аяқтарын алшаң басады.

Бұл әскери арандату, әлде оқыс жағдай ма? Мәскеудің ендігі әрекеті қандай болады? Әлемдік қауымдастық осы сұрақтарға бас қатырып жатқанда, бүгін тағы бір тікұшақ оққа ұшты. Ол ұшқыштарды эвакуциялау үшін жіберілген МИ-8 болатын. Салдарынан бір сарбаз қаза тапты.

Андрей Федоров, саясаттанушы:

Бұл енді онсыз да мәз емес Түркия мен Ресей қарым-қатынасынан бөлек, НАТО-ның әрекетіне де әсер етеді. Кебір елдер Ресейдің қауіптілігіне НАТО-ға шағымданатыны түснікті.

Әзірге әскер тыныш. Бірақ экономикалық соққы көп күттірген жоқ. Ресейдің сыртқы істер минстрі Сергей Лавров отандастарын Түркияға бармауға шақырды. Сондай-ақ, турфирмаларға жолдама сатуға тиым салынды. Түркия - Германиядан кейін Ресей газын ең көп тұтынатын екінші ел. Ал Анкара - Ресейге ең ірі тауар тасымалдаушы. Былтыр екі ел арасындағы сауда саттық 31 млрд долларды құраған. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ