Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

А. Рау: Қазақстанның инвестиция тарту саясаты «бір терезе» тәртібі бойынша жұмыс істейтін болады

AstanaTV
25.11.2015ж. 20:00
1255
А. Рау: Қазақстанның инвестиция тарту саясаты «бір терезе» тәртібі бойынша жұмыс істейтін болады

Еліміздің инвестиция тартуға жауапты мемлекеттік органдары «бір терезе» жұмыс тәртібіне көшеді. Бірақ әзірге бұл жұмыстарды кім басқаратыны белгісіз. 

Бұл туралы «Астана» телеарнасына Парламент Сенатының қабырғасында Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау мәлімдеді. Вице-министр Қытаймен бірлескен 45 жоба елімізге 4 трлн теңгеге жуық инвестиция құятынын да айтты. «Сырттан келетін қаржы көлемін арттыра түсу үшін, жұмыстарды үш бағытта қайта құру керек», - деді Альберт Рау. 

Альберт Рау, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:

Тым болмағанда, біздің инвестициялық саясатымыз Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы шарттарына сәйкес келуі керек. Екіншіден, әзірге қалай жүзеге асатыны белгісіз, бірақ «бір терезе» тәртібі болады. Үшіншіден, бұл біз қазірде СІМ кеңесіп жатқан, әртараптандырылған жұмыс болуы тиіс. Президенттің елшіліктер жұмыстарын ширатуы керек деген тапсырмасы да осы.

Еске салсақ, мемлекет басшысы өткен аптада үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік органдардың шетел инвестицияларын тарту бойынша жұмыстарын ширату керектігі жөнінде айтқан-ды. Президент сондай-ақ 2015-2017 жылдар бюджетінің шығыстарын қысқартуды тапсырды. Бүгін Сенат үшжылдық бюджеттің соңғы түзетулерін қабылдады. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ