Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Іле-Алатау ұлттық табиғи паркін биыл 120 мыңдай турист тамашалаған

AstanaTV
18.05.2016ж. 20:00
1866
Іле-Алатау ұлттық табиғи паркін биыл 120 мыңдай турист тамашалаған

Жыл басынан бері Іле-Алатау ұлттық табиғи паркін 120 мыңдай шетелдік саяхатшы тамашалаған. Басым бөлігі - Еуропадан ағылған туристер. Соңғы кезде Корей, Жапон елдерінің саяхатшылары да көрікті мекенді көруге қызығушылық танытып отыр.  2015 жылдың шілдесінен бастап 20 елдің азаматы Қазақстанға визасыз кіре алады деген ереже енгізілген. Шетелдік туристердің артуына бұл да септігін тигізді.

Бұл туралы Қазақстан туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова Алматыда өткен «Іле-Алатау табиғи паркінің 20 жылдық мерейтойына» арналған халықаралық ғылыми конференцияда айтты. Шетелдіктерді көбіне саябақтағы "Қызыл кітапқа" енген аң-құстар қызықтырады. Қазір мұнда 42 қар барысы бар. Туризм аумағын кеңейту үшін саябақтың инфрақұрылымын халықаралық стандартқа сай етіп қайта жабдықтау да күн тәртібінде тұр. Ол үшін саябақ ұжымы шағын және орта бизнес тарапынан тиімді ұсыныс  күтеді.

Марлен Айнабеков, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры:


Бұл жерде жеке қолға беру мүмкіндігін қойып жатқан жоқпыз. Бұл мемлекеттік ұлттық парк болып қалады. Бірақ бұл жерде біз бизнесмендерді осы парктің туризмін дамытуға, паркті сақтап қалу саласында сондай жұмыстар істелініп жатыр. Паркті жекеменшікке беру емес, парктің инфраструктурасын, паркке келетін адамдарды тәрбиелуге, солардың табиғатқа деген сезімін ояту деген ниетпен бизнесмендерді шақырып жатырмыз.

Рашида Шайкенова, Қазақстан туристік қауымдастығының директоры:

Бізде экотуризм қарқынды дамып жатыр. Демек саф ауаны жұтып, табиғаты таза жерде демалғысы келетіндер Қазақстанды таңдап отыр. Бұл әрине қуантады.

Айгүл ЕРМАХАН