$461.37 €502.62 ₽6.69
×

Астанада ерекше спектакльдің тұсауы кесілді

18 мамыр 2016
3278
Астанада ерекше спектакльдің тұсауы кесілді

Астанадағы Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық театрда ерекше спектакльдің тұсауы кесілді. «Сарра» қойылымының сюжет желісі өзге шығармалардан дараланып тұруымен ерекшеленеді. Тағы бір қызықты тұсы - бұл қойылымға тек актрисалар ғана тартылған. Роза Мұқанованың авторлығымен жазылған пьеса ұрпақ жалғастығы тақырыбын қозғайды.

Ибрахимде ұрпақ болмаса, ол Сарраның күнәсі!

Спектакльдің қоюшы режиссері - Гүлсина Мерғалиева. Тарихи драма сонау пайғамбарлар заманындағы Мысыр тіршілігінен сыр шертеді. Сарра - ұрпақ жалғастығы жолында өзін де, махаббатын да құрбан еткен әйел. Құрсақ көтере алмаған ол күйеуіне тоқал алып беруге дейін барады. Тек бұл келіншектің ішкі күйзелісін үдетіп, ақыры қызғанышқа ұласады.

Спектальді тамашалуға көрермен қауым көп жиналды. Авторы - жазушы-драматург Роза Мұқанова. Бұл оның «Мәңгілік бала бейне» пьесасынан кейін араға 25 жыл салып, жарыққа шығарған екінші сахналық туындысы.

Роза Мұқанова, жазушы-драматург:

«Мәңгілік бала бейне» 1996 жылы қойылған болатын Алматыдағы Әуезов театрында. Менің алғашқы тырнақалды туындым болатын. 16 жылдай қазақ сахнасында жүрді. Содан 25 жылдан кейін, міне, бүгін «Сарра» спектакль өмірге келіп отыр. «Сарра» сюжеті 27 жасымда маған ұнаған болатын. Себебі мұнда ананың, әйелдің үлкен образы бар. 

Құралай ПИОНЕР

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар