Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жоғалып кеткен A 320 ұшағының сынықтары табылды

AstanaTV
20.05.2016ж. 20:00
1633
Жоғалып кеткен A 320 ұшағының сынықтары табылды

Мысыр әскери-әуе күштері жоғалып кеткен A 320 ұшағының сынықтарын тапты. Рейтерстің хабарлауынша, фюзеляждың бөліктері мен жолаушылардың жеке заттары Александриядан 290 шақырым қашықтықта табылған. Мысыр билігі мен Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі бұған лаңкестердің қатысы бар деген болжам жасады. Ал, Франция сыртқы істер министрі Жан-Марк Эйро, қара жәшік оқылмайынша, қандай да бір байламға келу ерте, деді.

Айта өтейік, француз прокуратура органдары тергеу амалдарын жүргізуге кіріскен. Шарль де Голь әуежайында қауіпсіздік шаралары қатаңдатылды. Францияның өзінде төтенше жағдай режимі тағы да ұзартылған.

Еске салайық, Париж-Каир бағытындағы EgyptAir әуе компаниясының ұшағы Грекия аумағында радардан жоғалған еді. Ұшақ бортында 12 мемлекеттің 66 азаматы болған.

Жан Марк Эйро, Франция сыртқы істер министрі:

Ұшақ апатының орын алуына себеп болған жағдай әлі белгісіз. Қазір қырағылық танытуымыз қажет. Күні кеше мысырлық әріптесіммен келіссөздер өткіздім. Ол барлық нұсқаларды жіті тексеру керек деген ұстанымда. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА