Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

«Астана жұлдызы» үздіктері анықталды

AstanaTV
04.07.2014ж. 10:00
1272
«Астана жұлдызы» үздіктері анықталды

Елорда күні қарсаңында дәстүрлі «Астана жұлдызы» ұлттық музыка бәйгесі өтті. Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған шараға отандық шоу-бизнестің кіл қаймақтары жиылып, жылдың үздіктерін анықтады. Алдымен дәстүр бойынша өнер адамдары қызыл кілемнен жүріп өтті. Биыл Жанар Айжанова қызыл кілемге трактор айдап келді.

Тура екі сағат бойына астаналықтар мен қала қонақтары үлде мен бүлдеге оранған қызыл кілемдегі шығармашыл элитамен суретке түсіп, сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды. Сосын жүзден жүйріктер анықталды. Қыздар арасында үздік орындаушы деп - Жанар Дұғалова танылды. Айта өтейік, ол Астана арнасындағы «Астана кеші көңілді» шоуын да жүргізеді. Rin'Go «Ең үздiк ерлер тобы» аталымында жеңімпаз болды. Ерлер арасындағы үздік орындаушы - Медеу Арынбаев. Ренат Гайсин «Ең үздiк композитор» атанды. Осылайша биылғы жылдың үздіктері бірінен соң бірі марапатқа ие болды.

«Астана жұлдызы» екінші ұлттық музыка бәйгесінің теленұсқасын Астана арнасынан 7-шілдеде, сағат 20-00 де көріңіздер.

Илхам ИБРАГИМ