Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Халық тыныштықты қалайды, ал зиялы қауым елді сабыр сақтауға шақырады

AstanaTV
20.05.2016ж. 20:00
2487
Халық тыныштықты қалайды, ал зиялы қауым елді сабыр сақтауға шақырады

Халық тыныштықты қалайды. Тәуелсіз елімізде, көп ұлтты Отанымызда бейбіт өмір сүріп жатырмыз, тәубе, осы тыныштығымыз бұзылмасын,- дейді бұқара. Ал зиялы қауым өкілдері елді аптықпай, сабыр сақтауға шақырады. Әлеуметтік желілер арқылы тарап жатқан түрлі хабарламаларда ертең алаңға шығуға үндейтін шақыртулар байқалып жатыр. Сол себепті ұлтымыздың бетке ұстар азаматтары айрандай ұйып отырған еліміздің берекесін бұзып алмауға шақырады.

Елбасымыз  халықты ойлап барлығын шешіп жатыр ғой. Арандатушыларға халқымыз сенбесін.

Нұрлан Ерімбетов, Қазақстан азаматтық альянсының президенті:


Провокация деп есептеймін мен. Басқа елдерде көріп жатармыз митинг өтеді, алаңға шығады улап-шулап, өз жағдайын айтады. Оларды билік естімесе, шығуға болатын шағар. Ал, меніңше, қазір осы айтылған әңгіме Үкіметте, Парламентте, арнайы құрылған комиссияда талқыланып жатса, себебі халықтың даусы естілді.

Біздің Президентіміз түсіндіріп жатыр ғой. Бірлік болсын, тыныштық болсын деп. Не керек одан басқа?

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Халықты дүрліктірмеу керек. Елдің арасын дүрліктірмеу керек. Әсіресе жастарға зияндық жасамау керек. Жастар бұл жерде сабыр сақтап, жаңағы айғайлап алаңға шығыңдар деп, үндеу тастап жатқандар - халыққа жаны ашитын адамдар емес. Ұлттың мүддесі - ынтымақ. Ырыс ынтымақ бар жерде болады. Ынтымақ жоқ жерде ырыс та тұрмайды. Елдің бірлігін сақтау керек.

Өзіміздің елімізде, өзіміздің туған жерімізде бейбіт өмір сүргіміз келеді. Бәрін де тыныштыққа шақырамын. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ