Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Арселор Миттал Теміртау» Павел Кастың ащы сынына жауап қатты

AstanaTV
20.05.2016ж. 20:00
1306
«Арселор Миттал Теміртау» Павел Кастың ащы сынына жауап қатты

Алматылық суретші Павел Кастың Теміртаудағы 5 қабатты тұрғын үйдің қабырғасына тұтастай салған картинасына "Арселор Миттал Теміртау" компаниясы жауап қатты. Кәсіпорын өкілдері көпқабатты баспананың жанынан 400-ден астам ағаш көшетін отырғызған.

Парамжит Калон, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ ТМД бойынша бас директоры:

Туынды авторы Анри Матистің картинасынан әсер алғаны сөзсіз. Ондағы адамдар гүлзәрларды айнала билейді. Ал, бізде гүлзар орнына құбыр тұр. Бұл өндірісті қаланың тірлігі екенін түсінеміз. Енді орман тұрғызуды жоспарлап отырмыз.

Еске салайық, осыдан бір ай бұрын Павел Кас француз суретшісінің «Би немесе Өмір шаттығы» атты шығармасына ұқсайтын картинаны бейнелеген болатын. Онда автор металлургиялық комбинаттың қаланы қара түтінге орап жатқанын меңзеген. Қала тұрғындары түтінге тұншықса да, бас көтермей тірлігін жасап жүргенін осылай жеткізіпті. Бұл картина әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

Айта кетейік, 2015 жылы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қоршаған ортаға әкелген зияны үшін 1 млрд 709 млн теңге айыппұл салынды. Кәсіпорын өз еркімен төлегісі келмеген соң, бұл сома  экономикалық сот арқылы өндірілді.

Айжан ҚУАШ