Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Астанадағы пәтерді жалға беру нарығы, базардағы алаяқтық...

AstanaTV
13.02.2016ж. 20:00
2094
Астанадағы пәтерді жалға беру нарығы, базардағы алаяқтық...

Астанадағы пәтерді жалға беру нарығындағы көлеңкелі айналым 40 миллиард теңгені құрайды. Одан бюджетке түспей қалатын салықтың көлемі 300 млн теңге. Астана қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің жетекшісі Әбілқайыр Ысқақовтың мәліметі. Заң аясында жалға берілетін пәтерлер тұрғын үй қорының 4 пайызын ғана құрайды. Шын мәнінде одан көп екенін бәрі біледі. Ысқақов  қала әкіміне «ЭКСПО-2017» көрмесі өтетін кезде баспананы жалға алу сұранысы артатынын айтып, пәтерін туристерге жалға бергісі келетіндерді аккредитациялау туралы өтініш жасады. Сөйтсе, нарықты мөлдір етуге септеседі деп есептейді. Қала әкімі де нөпір халық келетініне сенеді:

¤

Әділбек Жақсыбеков, Астана қаласының әкімі:

¤

5 млн адам келеді деген жоспар ғана. Ал ЭКСПО –ң басқарма төрағасымен кезекті бірлескен жиналысымызды өткізгенбіз, сараптамаға жүгінсек, одан да көп келуі мүмкін. Көрме өтетін үш айда Астанада күніне қосымша 50 мыңнан аз емес адам жүреді. Олардың бәрін қабылдап, орналастырып, қызмет көрсету керек... 

Қызмет көрсету демекші, YouTube – те «Еліміздің базарларында осылай алдап соғады» деген тақырыппен бейнеролик пайда болды. Шымкент базарларының бірінде жасырын камерамен түсірілген көрінеді. «Абай болыңыздар, мынадай саудагерлерге алданбау үшін қол таразысын алып жүріңіздер» -депті видео авторы Ғалымжан Көшербаев. Видеода жеміс салынған шелек ортасына дейін қағазбен толтырылғаны анық көрінеді. Сатушы шелекті клиент көрмейтін жерге қолы дірілдемей қоя салды. Қолы дірілдемегені былай тұрсын, қанша «қылғытып» жібергені ішін жандырып бара жатыр-ау, арсыз пайдасын білгісі келіп, қысылмастан, жымын білдірмей пакетке төңкерген жүзімді қайтадан өлшеп қояды. Бір шелек жеміс алдым деп ойлаған сатып алушы ақшасын төлеп, кете барды. Бұл мысалды «алдап жіберу», көзді бақырайтып қойып алдау әдісінің базарларда ғана еместігін айту үшін келтірдім...