$498.51 €522.84 ₽4.81
×

«Ауыл» партиясы өкілдері Павлодар өңірінде жүр

AstanaTV
29.02.2016ж. 20:00
1870
«Ауыл» партиясы өкілдері Павлодар өңірінде жүр

«Ауыл» партиясы Павлодар өңіріне жетті. Партияның республикалық қоғамдық штабы мұнда бірқатар өндіріс ошақтарын аралап, сайлауышларға тұғырнамасын таныстырды.

Сондай кедесу елдегі ең ірі машина жасаушы кәсіпорынның бірі - «Ритам» ұжымының алдында өтті. Бұл өндіріс кешені ауыл шаруашылық саласына қажетті заманауи техника мен құрал-жабдықтарды шығарады. Бүгінде ішкі нарықтан шетелдік құрал жабдықтарды ығыстыра бастаған. 

«Ауыл дәстүрін жаңғыртамыз!» атты партия бағдармасы да отандық аграрлық секторды дамыту жолы қаралған. Кәсіпорын қызметкерлері  партияның саяси платформасына қатысты сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды. Жұмысшылар партияның, әсіресе «Ауыл дәстүрін жаңғыртамыз!» атты бағдарламасындағы отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған тұстарын ерекше атап өтті.  Сондықтан келешекте ауыл партиясымен байланыста боламыз деген ойын айтты.

Бөрібай Жексембин, «Ауыл» ХДПП хатшысы:

«Ауыл» партиясының ең негізгі мақсаттарының бірі - осы рухани адамгершілік құндылықтарды бүгінгі күнге сақтап, ары қарай дамыту. Яғни бұл деген нағыз патриоттардың ісі. «Ауыл» партиясы - біздің елімізді, тәуелсіздігімізді өркендету үшін жұмыс жасайтын партия.   

Құралай ПИОНЕР