Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

2016 жылдың бірінші қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдер көлемі артты

AstanaTV
05.01.2016ж. 20:00
990
2016 жылдың бірінші қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдер көлемі артты

Елімізде бірінші қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 5,6 пайызға көтерілді. Енді ол 2016 жылдан бастап 22 859 теңгені құрайтын болады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлады.

Жаңа жылдан бастап Мемлекет басшысының биылғы жолдауында айтылған әлеуметтік төлемдер көлемі жоғарылады. Еске салсам, Елбасы дәрігерлердің жалақысын 28 пайызға, педагогтарға 29 пайызға, әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақысын 40 пайызға арттыруға тапсырма берген болатын.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ақпаратынша, мүгедектік пен асыраушысынан айырылғандар үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 25 пайызға, ынтымақты зейнетақы төлемі 9%-ға өскен. Сондай-ақ, «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлердің айлығы 30 пайызға артты. 

Берік ХАСЕНОВ