"Америкада
істі болып отырған қазақстандық студент Диас Қадырбаев жеті жылға бас
бостандығынан айырылуы мүмкін", - деп жазады «Boston Globe». Кеше ол Бостондағы
жарылысты тергеуге кедергі келтіргенін мойындады.
Америкалық баспасөздің
хабарлауынша, студент қанша жылға сотталуы мүмкін екенін толық түсініп
отырғанын да айтқан. Қадырбаев бойынша сот үкімі 18 қарашада шығады деп
күтілуде.
Еске түсірсек, Диас Қадырбаев пен Азамат Тажаяқов Бостoн қаласында
болған лаңкестік әрекеттің тергеу барысына кедергі келтірді деген күдікпен
қамалды. Шілдеде алқа билер соты Тәжаяқовты айыпты деп таныды. Ол 20 жылға
дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айгүл ӘДЕПБАЙ