«Өркендеу мен тұрақтылықтың кепілі - Ата заң».
Шымкентте негізгі заңның 19 жылдығына арналған форум осылай аталды. Жиынға
зиялы қауым өкілдері, жастар мен ұлттық этно-мәдени орталықтардың өкілдері
қатысты. Олар басты құжаттың маңыздылығы жайында баяндамаларды тыңдады.
Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы
"Қасым ханның қасқа жолы", "Есімханның ескі жолы", "Әз Тәукенің жеті жарғысынан" бері
қарай дала заңымен үндескен, бейбітшілік пен бірлігіміздің кепілі екенін тілге
тиек етті. Ата заң Қазақстанда тұратын барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің тең
құқылы екенін айқындайды. "Ал бұл көпұлтты мемлекет үшін аса маңызды",- дейді
форумға қатысқандар. Жан жақты және айшықты құжаттың сыртқы саясатта, ел
ішіндегі тұрақтылықты сақтауда алар орны айтылды. "Сондай-ақ, Қазақстанның
ядролық қарудан бас тартуының өзі, бейбітшілік пен тұрақтылықты көздейтін
айқындап берді",- дейді жиналғандар.
Ғаппар
Маймақов, тарих
ғылымдарының кандидаты:
Қазақстан
әлемде тұңғыш рет ядролық қарудан бас
тартқан мемлекет. Жәй ғана бар тартқан
жоқ, бұдан былай ядролық қарудың өркендеуіне, өсуіне жол бермеу жолындағы
күресті жалғастырып та келе жатқан мемлекет.
Рихсибай
Мамедов,
«Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі:
Қазіргі
таңда жастарға елімізде жасалып
жатқан жеңілдіктер, жағдайлар өте көп.
Оның барлығы осы Ата заң аясында іске асып жатыр. Ата заңды біз әрқашан
қолдап, қорғап оны дәріптеуіміз керек. Себебі біздің осы Ата заң арқасында
отбасы құрып, Ата заң арқасында барлық
өздерінің жағдайын жасап, Ата заң аясында қанша жұмыстар атқарып жатырмыз.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ