Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жаңа оқу жылына Қызылорда облысындағы мектептердің бірқатары дайын емес

AstanaTV
29.08.2014ж. 20:00
1015
Жаңа оқу жылына Қызылорда облысындағы мектептердің бірқатары дайын емес

Жаңа оқу жылына Қызылорда облысындағы мектептердің бірқатары дайын емес. Прокурорлардың арнайы тексерісі нәтижесінде осындай қорытынды жасалған. Мәселен, Қазалы ауданындағы № 70 орта мектепте жөндеу жұмыстары тіптен басталмаған. Оған қоса, алыс-жақын ауылдардағы көп жылдан бері құрылысы аяқталмаған 6 мектеп, бүгінгі күнге дейін пайдалануға берілмей отыр.

Қаладағы мектептерге 112 миллион теңгеге, Сырдария ауданындағы білім ошақтарына 17 миллион теңгеге сатып алынған оқу құрал-жабдықтары, осы күнге дейін жеткізілмеген. Аймақтың бас мұғалімінің айтуынша, бұған тендердің кеш өткізілуі себеп болып отыр. Сонымен қатар, өңірде 25 мектеп, былтыр апатты жағдайда деп танылған. Биыл олардың орнына 11 жаңа білім ордасы салынды.

Наурызбай Байқадамов, Қызылорда облысы білім беру басқармасының басшысы:

Қалған 13 мектеп бар. 14-ші мектеп демеушілер есебінен салынып жатыр. Құжаттамалық-сметалық жобаларына қаржы қаралды, біз келесі, 2015 жылы сол мектептерді бастаймыз. Бұл мектептер негізінен алыс елді мекендердегі мектептер. Бұл мектептер барлығы оқуға мүмкіндік береді. Бірақ бүгінгі заман талабына сай типтік деп айтуға келмейді. Еңді бүл мектептін көбісінің пайдалану мерзімі ұзақ, 50-60-шы жылдары салынған.

Шарипа САҚТАПОВА