Ал мерекенің соңы «Нұр Отан» қатарына жаңа мүшелер қабылдау салтанатты рәсіміне ұласты. Партияның жаңа бес мүшесіне партия билетін Мемлекет басшысы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі табыстады. Олар Қазақстан халқы ассамблеясына кіретін, қоғамымыздың түрлі салаларында қызмет етіп жүрген өзге ұлт жастары. Мемлекет басшысы қатарға қосылған жаңа «нұротандықтар», өз орталарында мемлекет пен халық арасын байланыстыратын дәнекер болуы тиіс деп аманат етті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Пожелаем крепкого здоровье. Осуществление всех жизненных мечт которые они имеют. И это начало нового жизненнего пути в политической среде уже. Вы будете проводниками всех моих идей и замыслов. Направленных конечно только на блогополучие нашего народа. Вы должны зажигать сердца всех людей своей молодостью, своим интузиязмом и желанием быть полезным своему народу.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ