Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Атыраудағы мұнай және газ технологиялық колледжінде жанжал шықты

AstanaTV
02.09.2014ж. 20:00
1811
Атыраудағы мұнай және газ технологиялық колледжінде жанжал шықты

Жаңа оқу жылы басталмай жатып, Атыраудағы мұнай және газ технологиялық колледжінде жанжал шықты. Ұстаздар басшылықтан қысым көріп отырғандарын айтып даурықтыАйтуларынша, аталған оқу орны басшысы Болатбек Ықсанов бұрыннан келе жатқан ұстаздарды мәжбүрлеп жұмыстан шығаруда. Есесіне қызметіне кәсібі сай емес мамандарды қабылдап жатыр деді.

Гүлшара Әміржанқызы, Атырау қаласындағы мұнай және газ технологиялық колледжінің оқытушысы:

Өзім барған кезде: қайда барсаң, онда бар, сен маған ештеңе істей алмайсың дейді. Сол сөзіне қарағанда, жоғарыда бір кісі отырған сияқты.

Кенжегүл Жарасқызы,  Атырау мұнай және газ технологиялық колледжінің оқытушысы:

Мартта жалақысыз қалып, арызданған болатынмын. Мамыр айында сотқа жүгіндім. Маусым айындағы сот отырысына  директор да, өкілі де келмей,  тамыз айына дейін созып келді. Мен 2 ай бойы 20 мың жалақымен, 2 ай жалақысыз жұмыс жасап айналып келгенде. 3 ай бойы ақшасыз, сот шешімін күтіп қалдым. Сот шешіміне байланысты апелляциялық шағым беріп, 18 қыркүйекте апелляциялық  шағым бойынша сот отырысы болуы керек.

Тілдеспекке келген тілшілерді білім ошағының басшысы ғимараттан қуып шықты. Ал облыстық білім басқармасындағылар ахуалдан хабардар, бірақ даулы оқиғаға қатысты нақты түсінік бермеді. Бұл жерде кімнің шын, кімнің жалған сөйлеп тұрғанын анықтау қиын екені айтып, дәрменсіздік танытып отыр.

Шәкіржан Мырзағалиев, Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары:

Жұмыстын бағытына қарай, сол жұмысты шешуге бағытталған нарсе емес бұл, сонда адамдар арасындағы қарым-қатанасқа дейін түсіп кеткен, деңгейі.  Жиналысқа барған кезде де, әңгімелескен кезде де, тіпті кім шындық, кім жалған айтып отыр, анықтау деген өте мүмкін емес.

Мұнай және газ технологиялық колледжінде бүгінде 321 студент, 44 ұстаз бар. Колледж директоры Болатбек Ықсанов басшылыққа биыл наурызда келіпті. Мұғалімдер содан бері білім ордасының басынан дау арылмай келеді дейді. Қазір мәселеге еңбек инспекторлары араласқан. Олар тексеру жұмыстарының қорытындысын екі аптадан кейін жариялауға уәде етті.

Салауат Ищай, Атырау облысы бойынша бас еңбек инспекторы:

Жұмысшылардың атынан 29 шілдеде бірінші арыз, 1 тамызда екінші арыз түскен болатын. Кездесу барысында жұмысшылар мен облоно специалистері, еңбек инспекторлары барып, өзім де бірге болып, жұмысшылармен кездесіп, қойылған сұрақтар бойынша тексеріс бастап кеттік. Тексеріс барысында тағы да нақты сұрақтар түскен болатын. Сондықтан біздер тексерісті ұзартуға мәжбүр болдық. Тексеріс қазір жүріп жатыр.

Базаргүл ІЗІМОВА