$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Астанада моншаның құны 65 пайызға қымбаттамақ

AstanaTV
08.09.2014ж. 20:00
2029
Астанада моншаның құны 65 пайызға қымбаттамақ

Қоғамдық моншаның құны бақандай 65 пайызға бір-ақ қымбаттамақ. Астананың орталығындағы  ірі  монша-сауықтыру кешені он бесінші қыркүйектен бастап билет құнын 2400 теңгеге  көтеретін болды. Мұндай хабарландыру кешеннің  кіреберісінде ілінген. Моншада қазіргі билет құны ересектер үшін мың жарым теңге, балалар мен зейнеткерлерге 500 теңге.

Бағаның мұншалықты шарықтап өсуіне коммуналдық қызметтердің жыл санап қымбаттауы себеп болғанға ұқсайды. Монша басшылығы соңғы алты жылда билет құнын өсірмей, тұрақты ұстап тұрғанын айтуда. Басында коммуналдық меншікке қараған қоғамдық монша бес жарым жыл бұрын жеке қолға өткен. 

Cүлеймен Камазаев, монша-сауықтыру кешенінің директоры:

Біз мұнда жұмыс жасаған соңғы алты жылда электроэнергия бағасы 50 пайызға, кәріз 80 пайызға, газ -30, жылу- 45 пайызға өсті. Қазіргі тарифпен шығынға бататын түріміз бар. Сондықтан бағаны көтеруге мәжбүр болдық.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ