Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Мұнай бағасы құлдырап кетті

AstanaTV
09.09.2014ж. 10:00
962
Мұнай бағасы құлдырап кетті

«Brent» маркілі мұнай бағасы барреліне 100 долларға дейін құлдырады. Бағаның мүндай төмендеуі 2013 жылдан бері байқалмаған, деп хабарлайды «Reuters».

Агенттіктің пайымдауынша, бұл жағдай АҚШ пен Қытайдағы экономиканың әлсіреуіне байланысты болып отыр. Осылайша маусымнан бастап «Brent» мұнайы 15%-ға арзандады. Ал, «WTI» маркілі мұнайдың құны тұрақты. Барреліне 92 доллар. Соңғы кездері Қытай импорт көлемін екі есе қысқартып отыр.

Сондай-ақ, Құрама Штаттарда да жұмыс орындарының қысқаруы байқалуда. Сарапшылар мұнай бағасының күрт төмендеуі Украинадағы ахуалға да тікелей байланысты деген ойда.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА