$450.79 €482.21 ₽5.05
×

«Өзенмұнайгаз» әр баррель саудасынан 20 $ жоғалтып отыр

AstanaTV
29.02.2016ж. 20:00
3095
«Өзенмұнайгаз» әр баррель саудасынан 20 $ жоғалтып отыр

«Өзенмұнайгаз» компаниясы мұнайдың әр баррелінен 20 доллар шығын көріп отыр. Компания директоры Мақсұт Ибағаров осылай деп мәлімдеді. Компания, пайдалы қазбаларды өндіру салығын азайту үшін, Ұлттық экономика министрлігіне тағы өтініш білдірді. Былтыр ол ескерілмеген.

Басшылықтың айтуынша, салық азайтылса 18 млрд доллар компания есебінде қалады. «Өзенмұнайгаз» бұл қаражатты өндірістік қуатты арттыруға, жұмыскерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын түзеуге және сервистік компаниялар қызметін төлеуді жоспарлап отыр.

Мақсат Ибағаров, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры:

Біздің компания үшін, шығынға кетеудің шегі 54 доллар. Қазір біз 30-35 долларға сатамыз. Әр баррелден 20 бірліке ұтылып жатырмыз. Шығындарды және күрделі құрылысқа бөлінген қаржыны да қысқарттық.

Басшылық қалай болғанда да жұмысшылар саны мен жалақы, сыйақы көлемі қысқартылмайды деп сендірді. Компанияның жалғыз акционері «Қазмұнайгаз» былтыр бөлген 37 млрд жалақы мен қызмет көрсетуші компанияларға төленген. Биыл тағы 45 млрд қарыз алуды жоспарлап отыр. Мұнайшылар экспорттық кедендік баж салығының азайғанына үмітпен қарайды. Былтыр ол 80-нен 62-ге түскен. Сөйтіп, 9 млрд үнемделген. Былтыр компания 5 жарым млн тонна шикізат өндірді. Оның 40 пайызы ішкі нарыққа, қалғаны экспортталды. Қиын жағдайға қарамастан, компания өндіріс көлемін төмендетпек емес.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ