$517.84 €543.11 ₽5.28
×

Алматыда тау бөктерінде заңсыз тұрғызылған мейрамхана сүрілді

AstanaTV
29.02.2016ж. 20:00
1956
Алматыда тау бөктерінде заңсыз тұрғызылған мейрамхана сүрілді

Алматыда тау бөктерінде заңсыз тұрғызылған мейрамхана сүріле бастады. Қалалық сот орындаушыларының айтуынша, аумағы 1600 шаршы метрді алып жатқан нысан әл-Фараби даңғылының жоғары жағына ешбір құжатсыз салынған.

Құрылысты сүру жұмыстарын мейрамхана қожайыны өзі жүргізді. Бұған дейін қалалық құрылыс және сәулет басқармасы заңсыз құрылысты тоқтату туралы қаулы шығарып, кәсіпкер Әрсен Оразов 2015 жылдың шілде айында 793 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелген болатын. Бірақ кәсіпкер мейрамхананы бұзуға асықпаған. Ізінше іс ауданаралық мамандандырылған сотта қаралып, заңсыз салынған ғимаратты сүру туралы шешім шығарылған.

Арсен Оразов, кәсіпкер:

Өткен жылдың наурыз айында осы 2 қабатты мейрамхананың құрылысын рұқсат құжатынсыз бастап кеткен болатынмын. Енді заңға қайшы әрекет еткенімді түсініп, өз еркіммен құрылысты сүріп жатырмын. Өтінерім, тек асықтырып бір күнде сүріп тастамаса екен. Мен құрылыс материалдарымды зақым келтірмей жинап алғым келеді. Жалпы мейрамхананы тұрғызуға 700 мың АҚШ ақшасын жұмсадым.

Рахым Орынбаев, Алматы қаласы әділет департаментінің сот орындаушысы:

Ескерту хат берген болатынбыз алдында, бұл ескерту хат бойынша соттың шешімін орындауда. Жаңағы жұмыскерлерді өз қаражатына шақырып, жұмыскерлермен бүкіл терезесін және басқа да обьектінің бұзылатынын бұзып, барлығы зәулім ғимарат толығымен  бұзылады.

Еске салайық, жуырда Мемлекет басшысы Алматыға сапары барысында әл-Фараби көшесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан таулы аймақтардағы құрылыс нысандарын салуды шектеуді тапсырған болатын.

Айгүл ЕРМАХАН