АҚШ
валютасы жапон иеніне шаққанда ең төменгі деңгейге дейін құлдырады. ТАСС
ақпараттық агенттігі хабарлағандай, бір көк қағаз құны қазір 117 иенге тең.
Сарапшылар мұны әлемдік мұнай бағасының
төмендеуімен, сондай-ақ Қытай экономикасының әлсіреуімен байланыстырып отыр.
Сондай-ақ олар жапон ақшасының бірден нығаюын жақсылыққа балап отырған жоқ. Себебі
қаржы нарығында қаңтар айында құнды қағаздардың бағасы арзандап жатыр. Ол соңғы
бес күн бойы жалғасуда. Оның үстіне Күн шығыс елі ақшасының жоғары курсты ұстап
тұруы экономикаға тиімсіз көрінеді.