$460.43 €501.04 ₽6.65
×

«Эйр Астана» ұшағының апатты жағдайда қонуына борттағы дабыл жүйесінің іске қосылуы себеп болған

11 қаңтар 2016
1505
«Эйр Астана» ұшағының апатты жағдайда қонуына борттағы дабыл жүйесінің іске қосылуы себеп болған

«Эйр Астана» компаниясының «Боинг» ұшағы техникалық себепке байланысты Атырау қаласына қонуға мәжбүр болды. Оқыс жағдай кеше жергілікті уақыт бойынша 14 сағат 20 минутта тіркелген.

Бұл ақпаратты біздің арнаға берген сұхбатында әуе компаниясының менеджері Тілек Әбдірахимов растады. Оның айтуынша, кестеге сәйкес 10 қаңтар күні Мәскеуден Алматыға ұшқан «Боинг» экипажының командирі әуе кемесін Атырау қаласының қосалқы аэродромына қондырған. Бұған борттағы дабыл жүйесінің іске қосылуы себеп болды. Соңыра анықталғандай, ұшақтың салонындағы қысымды бақылау автоматты жүйесі дабыл қаққан. Абырой болғанда, әуе кемесінің бортындағы 119 жолаушы мен 11 экипаж мүшесі зардап шеккен жоқ.

Тілек Әбдірахимов, «AIR ASTANA» әуе компаниясының корпоративтік коммуникациялар бойынша менеджері:

Қосымша рейспен сол күні 20 сағат 20 минутта жолаушылардың көбісін сол ұшақпен Алматыға жеткіздік. Қалған жолаушыларды келесі тұрақты рейстермен 23 сағат 20 минутта басқа ұшақ Алматыға алып кеткен. Инженерлеріміз мына ұшу ақпаратына талдауын жасап жатыр. Одан кейін ұшақтың инспекциясы бақылауы жалғасады.

Самат ҚАНАҒАТОВ 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар