Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Теміртауда «ірі мөлшерде ақша бопсалады» деген күдікпен мәслихат депутаты қамауға алынды

AstanaTV
11.01.2016ж. 20:00
2009
Теміртауда «ірі мөлшерде ақша бопсалады» деген күдікпен мәслихат депутаты қамауға алынды

Теміртауда «ірі мөлшерде ақша бопсалады» деген күдікпен мәслихат депутаты Кеңесхан Басқарбаев қамауға алынды. Облыстық ішкі істер департаментінің дерегінше, ол жергілікті кәсіпкерді қорқытып, ақша талап етті деген күдікке ілінген.

53 жастағы депутат 33 жастағы сыбайласымен бірге кәсіпкердің Украина Республикасы Житомир облысындағы үйіне сенімхат жаздырып алған. Оған қоса Теміртаудағы пәтері мен көлігін тартып алмақ болады. Амалы қалмаған кәсіпкер құзырлы орындарға шағымданған. Жәбірленуші өз арызында, «депутат жылжымайтын мүліктерді өз атына жазуды талап етті», деп көрсеткен. Полицейлер күдіктіні ұстау кезінде айғақ болатын құжаттар табылғанын айтады. Ал оның сыбайласынан жәбірленушінің Теміртаудағы пәтері мен «Нива» көлігінің кілті табылған. Қазір күдіктілерге қатысты Қылмыстық Кодекстің «бопсалау» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

Қарағанды облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен Теміртау қалалық мəслихатының депутаты ұсталды. Уақытша қамау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 194 -інші бабы, яғни бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Айғақ заттар тәркіленді.

Айжан ҚУАШ