Қарағанды облысының бұрынғы әкімі
Бауыржан Әбдішев екі айға қамауға алынды. Бұл
туралы облыстың Қазыбек би аудандық соты ақпарат таратты.
Сот процесі кеше кешқұрым болған. «ҚазАқпарат» агенттігі бұрынғы әкімнің сот залында отырған
суреттерін де жариялады. Қызметтік өкілеттілігін теріс пайдаланды деп
айыпталған экс-әкімнің темір торға қамалатыны туралы Қазыбек би аудандық сотының
судьясы Бақыт Ахметова мәлімдеген. Әбдішевтің қорғаушылары үйін кепілдікке қою
арқылы оны босатуды сұраған көрінеді.
Еске саламыз, 23-қыркүйектен 24-не
қараған түні Бауыржан Әбдішев ұсталған болатын.
Илхам ИБРАГИМ