$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Қарағанды облысының әкімі тасқыннан зардап шеккендер жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алғанын айтады

AstanaTV
12.01.2016ж. 20:00
1410
Қарағанды облысының әкімі тасқыннан зардап шеккендер жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алғанын айтады

Ал Қарағанды облысының әкімі тасқыннан зардап шеккендер түгелдей жаңа баспанаға кіріп, жаңа жылды сонда қарсы алғанын айтады. Бұл туралы аймақ басшысы Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Белгілі болғандай, 3-4 ай көлемінде су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға арналып 364 тұрғын үй салынған. Нұрмұхамбет Әбдібеков құрылыстың біршама созылғанын растады. Оған кінәлі мердігерлер екенін де жайып салды. Қысқа мерзімде құрылысты аяқтау талабының үдесінен көптеген компанияшыға алмады, - дейді ол. Әкімнің айтуынша, тұрғындарға баспана кілті өткен жылдың қазан айында тапсырылған. Аймақ басшысы үйлердің сапасына  қатысты шағымдар болса, оларды қарауға дайын екенін мәлімдеді.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

Егер баспананың сапасы тұрғындардың көңілінен шықпаса, біз арыздарды қабылдауға дайынбыз. Ол жерде аудан әкімі, ауылдық округ әкімі бар. Соларға көрсетсін, сұрақты шешсін. Егер шешімі табылмаса, маған келсін, мен сұрақтарды қарауға дайынмын.

Сондай-ақ аймақ басшысы өңірде ауа-райының қолайсыздығына орай туындаған қиындықтарға тоқталды. Бүгінге дейін 188 адам қар құрсауынан құтқарылып, 400-ге тарта көлік шығарылды. Мыңнан астам жолаушы пойызбен діттеген жерлеріне жеткізілген. Осы ретте әкім жүргізушілерді қыстыкүні жолға шықпас бұрын жауапкершілікті сезінуге шақырды.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

Осы жолға шығатын адамдар кімге сенетінін білмеймін. Енді айтады ғой, Құдайға сенеміз деп, бірақ осындай жағдай болғанда, шыға келеді, бізге жәрдем бермейді, сондай деп. Ал басына барып қарасаң, дөңгелектері қысты күні жүретіндер емес. Қаланың сыртына шығатын сен, дайындалып шық. Сені суырып алатын тросың болуға тиісті, керек болса, ауыстыратын жылы киімің болуға тиісті.

Берік ХАСЕНОВ