Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қызылорда облысында 27 бөгет қауіпті деп танылған

AstanaTV
12.01.2016ж. 20:00
2405
Қызылорда облысында 27 бөгет қауіпті деп танылған

Сырдария өзенінде 27 бөгеттің қауіпті тұсы анықталған. Олардың барлығы Қызылорда облысының аумағында. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, су арнадан асса, тұрғындар зардап шегуі мүмкін, екенін айтады. Сондай-ақ олар 21 гидротехникалық нысанды нығайту қажеттігін ескертеді.

Қырғызстанның Тоқтағұл су қоймасында су деңгейі, былтырғы кезеңмен салыстырғанда, екі миллиард, Шардарада екі жүз миллион текше метрге көп. Сондықтан аймақта апаттың алдын алу шаралары басталған. Құм салатын қапшықтар, жанар-жағармай, құрылыс материалдары әзірленген. Жағалаудағы бөгеттер бекітіліп жатыр. Жүзден астам эвакуациялық орталықтар, азаматтарды қабылдайтын бекеттер ұйымдастырылуда. Биыл өңірде қыс жылы болып тұр. Осыған орай оңтүстік аудандарда суға мұз қатып үлгермей жатса, солтүстіктегі Арал мен Қазалыда өзен арнасынан тасыған.

Әділхан Қарлыханов, Арал-Сырдария бассейні су шаруашылығы инспекциясының  бастығы:

Ақлақ су торабындағы сең кептеліп, өте биік деңгейге жетті. Сол сияқты Қазалы ауданындағы Аралмен шекаралас жердегі Әлсейіт су торабанынан төмен қарай, қалқымалы көпірден төмен қарай су дариядан шығып кетіп, 300 гектар егістігін су басып қалды.

Шарипа САҚТАПОВА