$482.86 €533.17 ₽5.08
×

ЖСДП табиғатты қолдап, флеш-моб ұйымдастырды

AstanaTV
01.03.2016ж. 20:00
2203
ЖСДП табиғатты қолдап, флеш-моб ұйымдастырды

Жалпыхалықтық социал-демократиялық партия табиғатты аялауға шықарады. Осыған орай бүгін Алматыда «Экология» тақырыбында арнайы флеш-моб ұйымдастырылды. Партияның ондағы мақсаты - шаһар тұрғындарын қоршаған ортаны аялауға, саябақтар мен ұлттық қорықтарды қорғауға шақыру болған. Бұл  ЖСДП-нің үгіт-насихат науқаны барысында өткізіп отырған осымен екінші флеш-мобы. Жалпы экология мәселесі партияның сайлауалды бағдарламасында қаратыстырылып отырған ірі бағыттың бірі. Сондықтан алда тағы да бұл тақырып бірнеше мәрте көтерілуі тиіс. Насихат шарасы басталған 10 күн ішінде ЖСДП белсенділері 100-ге тарта шараны ұйымдастырыпты. Қазір де жұмыстар ел аумағының барлық торабында жүргізіліп жатыр. Партия мүшелерінің де қатары артып, арнайы насихат топтары іске белсене кіріскен.

Тазабек Сәмбетбай, ЖСДП Алматы қалалық филиалының төрағасы:

Бүгінгі флеш-мобымыз, іс шарамыз арқылы ұлттық қорықтардың, қалалар мен барлық аумақтарда экологияның сақталуын, оның дамуын, оларға деген қорғау шараларын ұйымдастыру. Транспорттың, көліктің көп болуы, одан бөлек өндіріс орындарының ошағы ретінде қаланың ауасына нұқсан келтіру жағдайлары орын алып жатыр, өкінішке орай. Сондықтан, біздің ойымызша, Қазақстан аумағында альтернативті көлік түрлерін ұсыну керек. Осы бағытта біз өзіміздің альтернативті баламалы бағдарламамызды ұсынып отырмыз. Және қорықтарды сақтау, қала аумағында тазалықты сақтау, экологиялық ахуалды түзету мәселесі біздің негізі мақсаттардың бірі.

Құралай ПИОНЕР