Кәсіптік-техникалық білім беру
саласына құрылымдық реформалар қажет. Өкініше орай, қазірде білім беру мекемесі
мен өндіріс орындары арасында байланыс жоқ. Салдарынан түлектер мамандықтары
бойынша жұмысқа орналаса алмайды. Бұл мәселе бүгін Павлодарда өткен сарапшылар
форумында талқыланды. «Кәсіби-техникалық білім беру: жаңа мүмкіндіктері мен
келешегі» тақырыбындағы жиынға елдегі жетекші сарапшылар, саясаттанушылар,
қоғам қайраткерлері мен жергілікті мамандар қатысты.
Елбасы халыққа жолдауында
келер жылдан бастап жастарға тегін кәсіптік-техникалық білім беруді тапсырған
еді. Сарапшылардың пікірінше, бұл - уақыт талабы. «Білім ордасы еңбек нарығында
мониторинг жүргізіп, сұранысқа сай кадр әзірлеуге бейімделуі шарт. Осы тұста
дуалды білім беру жүйесінің берері мол»,- дейді форумға қатысушылар.
Артур Нығметов, саясаттанушы:
Қазақстандық кәсіпорында
сұранысқа сай олар мамандарды дайындай алмай жатыр. Себебі оларда ешқандай
байланыс жоқ, оқу орны мен кәсіпорындар арасында.