Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу туралы сарапшылар пікірі

AstanaTV
13.01.2016ж. 20:00
1288
Мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу туралы сарапшылар пікірі

Мерзімінен бұрын Мәжіліс сайлауын өткізу туралы бастама қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Парламенттің жоғарғы палатасын таратып, кезектен тыс сайлау өткізудің қаншалықты маңызды қадам екенін сарапшылар былайша түсіндірді.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Бесінші шақырылымдағы Мәжіліс өзінің тариxи миссиясын орындады. Елбасының Ұлт жоспары бағдарламасының заңдық тұрғыдағы негізін қалап бердік. 1 қаңтардан бастап осы заңдар күшіне енді. Алдағы уақытта 2016 жылғы электоралды компанияға алаңдамай, екі-үш ай көлемінде осы жұмыстарды бітіріп, Парламенттің төңірегінде, жергілікті мәслиxаттардың төңірегінде тиісті сайлауларды өткізіп, xалық болып жұмыла отырып, Елбасының Ұлт жоспары жаңғырту бағдарламасын орындауға бар күш-жігерді салатын боламыз. Негізгі мақсат-мүддеміз осы.

Павел Казанцев, ҚР кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары:

Ауқымды реформаларды жүзеге асыру үшін, халықты біріктіру қажет. Бұл бізге келуі мүмкін сын-қатерлерге қарсы күрес пен экономикалық реформаларға қатысу үшін қажет. Президент тапсырмаларын орындауда сын-қатерлердің алдын алу әрекеттері жедел түрде ұйымдастырылуы керек.

Берік ХАСЕНОВ