$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да орынбасар лауазымы қысқартылды

AstanaTV
13.01.2016ж. 20:00
2075
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да орынбасар лауазымы қысқартылды

Бұдан былай «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында орынбасар деген лауазым болмайды. Өмірзақ Шөкеевтің 16 орынбасарының саны екі есеге қысқарды. Енді акционерлік қоғамда 9 басқарушы директор бар. Соның бірі - Балжит Каур ханым. Ол - Maybank Malaysia және Deutsche Bank вице-президенті қызметтерін атқарған халықаралық деңгейдегі білікті маман.

Елена Бахмутова - қаржы және операциялар жөніндегі басқарушы директор, Берік Бейсенғалиев - активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директор, Адамас Илькявичюс - трансформация және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директор, Дархан Кәлетаев Үкіметпен өзара іс-қимыл және коммуникациялар жөніндегі басқарушы директор болып тағайындалды. Ұлан Тәжібаев - адам ресурстарын басқару жөніндегі басқарушы директор, Ержан Тұтқышев жаңа салаларды дамыту жөніндегі тең-басқарушы директор болып тағайындалды. Орынбасар лауазымының қысқаруына байланысты Дәурен Ердебай өз қызметін тоқтатты. Сарапшылар, мұндай шешім, артық басқару тетіктерін алып тастап, тиімділікті арттырады, дейді.

Мұрат Әбенов, қоғам қайраткері:

Бүгінгі күні басқарушы директорлардың рөлдері көтерілді. Орынбасарлары жоқ. Бұрын атқарушы директор басқаратын директор дейтін. Олар басшымен кездесу үшін орынбасары арқылы жұмыс істейтін, қазір орынбасар деген деңгей жоқ. Бір жағынан басқарудың тиімділігін арттырады. Екіншіден, бұл әлеуметтік әділдік деп есептейтін, қарапайым жұмысшыларды емес, басшыларды қысқартқан. Үшіншіден, бұл үкімет пен Самұрықтың байланысын күшейтеді.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ