$523.86 €544.34 ₽5.11
×

Кәсіпкерлерге салықтық амнистия жүргізу ұсынылады

AstanaTV
08.10.2014ж. 13:00
1184
Кәсіпкерлерге салықтық амнистия жүргізу ұсынылады

Салық төлеушілердің төленбеген салығы мен оның өсімпұлдары есептен шығарылуы мүмкін. Осылайша кәсіпкерлерге салықтық амнистия жүргізу ұсынылады. Бұл - бизнесті дамыту мақсатында жасалып отырған шара.

Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев осылай деп мәлімдеді. Жиында «Қазақстан Республикасының кейбір занамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған. «Ұсынылған салықтық амнистияны жүргізу салық төлеушілерге босаған қаражатты бизнесті дамытуға жұмсауға мүмкіндік береді. Ішкі инвестициялардың әлеуетін күшейтеді», - деді министр Досаев.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА